Жамбылдық 5 педагог республикалық олимпиададан жүлделі оралды

Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығымен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасын өткізді.
Олимпиада педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, мұғалім тұлғасының шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға Жамбыл облысынан 8 мұғалім қатысып, нәтижесінде 5 педагог жеңімпаз атанды.
Атап айтқанда 3 ұстазымыз екінші орынды, 2 ұстазымыз үшінші орынды иеленді. Сонымен қатар 3 педагог алғыс хатпен марапатталды.

Comments (0)
Add Comment