Әскерге барып, Отан алдындағы міндетін абыроймен өтеу – әр ер азаматтың парызы. Күзгі әскерге шақыру маусымында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы бірлесіп патриоттық акция ұйымдастырды.
«Жеңіс» саябағындағы «Даңқ» залында өткен акцияда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Ғалымжан Тасжанов сөз сөйлеп, жас сарбаздардың Отан алдындағы міндетін абыроймен өтейтініне сенім білдірді.
Акциға ауған, тәжік-ауған соғысының ардагерлері де қатысып, жас сарбаздарға тәрбиелік мәні жоғары өсиет айтты. Биыл күзгі шақыртуда әскер қатарына өңірден 1300 сарбаз қабылданады екен. Бүгінде ҰҚК шегара қызметінің қатарына сарбаздар жасақталған. Алдағы уақытта ҚР Қарулы күштері және Ұлттық ұлан сапына шақырту жүргізілмек.