Жамбылдық 13 студент білімін шетелде шыңдайды

Дулати университетінің ректоры Талғат Ешенқұлов академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Еуропа елдерінде білім алуға жолдама алған 13 студентпен кездесу өткізді,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Олардың ішінде 4 студент Швебиш Гмюнд Педагогикалық университетінде (Германия), 8 студент Адам Мицкевич университетінде (Польша), 1 студент Ұлы Витаутас Университетінде (Литва) білім алуға мүмкіндік алып отыр.

Кездесу барысында Басқарма Төрағасы білімгерлерге сәттілік тілеп, сапалы білім мен шетелдік тәжірибені меңгеріп келудің маңызды екенін айтып өтті. Бұл үрдіс алдағы оқу жылында да өз жалғасын табатын болады.

Comments (0)
Add Comment