Ауыл шаруашылығы экс-министрі Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды, – деп жазылған хабарламада.
Ербол Қарашөкеев 1976 жылы 26 қарашада Алматы облысында туған.
1997 жылы – әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
1999 жылы – Заманауи гуманитарлық институтты тәмамдаған.
Еңбек жолы:
- 1998-1999 жылдары – Статистика агенттігінің сараптама және жағдаяттық зерттеулер басқармасының бас маманы.
- 1999-2001 жылдары – Президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі консультанты.
- 2002-2003 жж. – қаржы директоры, Ақтөбе қаласындағы филалдың директоры, «Медикус Центр» ЖШС БК-ның батыс өңірі бойынша директоры.
- 2003-2006 жылдары – Қаржы департаментінің директоры – «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ басқарма мүшесі.
- 2006-2007 жылдары – Қаржы министрлігінің жиынтық-сараптау департаменті директоры.
- 2007 жылы – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдинг» АҚ-ның басқарушы директоры.
- 2007-2009 жылдары – «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ басқармасының төрағасы.
- 2010-2012 жылдары – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті «Қаржылық құқық бұзушылықты зерттеу орталығы» РМК бас директоры.
- 2012-2013 жылдары – «Мұнай-газ инжиниринг және ақпараттық технологиялары ҚБТУ институты» ЖШС бас директоры, «Самрұк- Қазына» ҰӘҚ.
- 2013-2016 жылдары – «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
- 2016-2019 жылдары аралығында – Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
- 2019 жылғы қаңтар-сәуір аралығы – Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы.
- 2019 жылғы 4 сәуір – «ҚазАгро»Холдинг» АҚ басқарама төрағасы.
- 2021 жылғы наурыз-сәуір – Президент әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісі орынбасары міндетін атқарушы.
- 2021 жылғы 12 сәуірден бастап қаржы вице-министрі.
- 2021 жылы 10 шілдеде Ауыл шаруашылығы вице-министрі – Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы болып тағайындалды.
- 2021 жылы 1 қыркүйекте Ауыл шаруашылығы министрі;
- 2023 жылғы 4 сәуірде осы лауазымға қайта тағайындалды.
- 2023 жылғы 4 қыркүйекте Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды.