Жамбылда жұмыспен қамту 2 есеге көбейген

Қазақстанда кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Шағын және орта бизнесті дамыту экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы. 

Осы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Жамбыл облысында басқарма тарапынан «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» бағдарламалары бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Шағын және орта бизнесті дамытудың арқасында өңірімізде жұмыспен қамту 2 есеге көбейген.

Comments (0)
Add Comment