Жамбылдағы мәселелер кезең-кезеңімен шешіледі

Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаев Жамбыл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу жиынын өткізді. Жиын барысында тұрғындарды мазалайтын төмендегі мәселелер қозғалды: балалар алаңын салу, газ жүргізу және балабақшаның қазандығын жаңарту. Аудан басшысы осы аталған мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тапсырма беріп, белгіленген уақытта нақты жауап болуын талап етті.

Сондай-ақ, іс-сапар барысында Ермек Амангелдіұлы аталған ауылда әкімдік ғимаратын, білім беру орталықтарының, кітапхана, мәдениет үйі, медициналық бөлімшенің және орман шаруашылығы мекемесінің қыс мезгіліне дайындық барысын тексерді.

Comments (0)
Add Comment