Жамбылда сауда саласы қарқынды дамуда

Қазіргі таңда сауда саласы облыс экономикасының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысындағы 2021 жылы облыстың бөлшек саудасы 371,8 млрд.теңгені құрап, 2020 жылға қарағанда 104,5% өсті.

Көтерме сауда 309,1 млрд. теңгені құрап, 106%-ға ұлғайған.

Сыртқы сауда айналымы 47%-ға артып, 262,5 млн. АҚШ долларын құраған, соның ішінде экспорт – 11,4%-ға артып, 65,7 млн. АҚШ доллары, импорт – 64,5%-ға өсіп, 196,8 млн. АҚШ доллары болды.

ЕАЭО елдерімен өзара сауда да 28,3%-ға ұлғайып, 318,8 млн. АҚШ доллары болған, оның ішінде экспорт – 101,1 млн. АҚШ доллары (19,4%-ға өскен), импорт – 217,7 млн. АҚШ доллары (32,9%-ға ұлғайған) болған.

2022 жылдың қаңтар-ақпанында бөлшек сауда көлемі 52,4 млрд.теңгені құрап, 104,1%-ға өскен.

Көтерме сауда ағымдағы жыл басынан бері 38,7 млрд. теңгені құрап, 106,5%-ға артқан.

Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі 386,6 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 104%-ды құрайды деп болжануда.

Есепті кезеңде сыртқы сауда айналымының көлемі 2021 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5,2%-ға төмендеп, 27,3 млн.АҚШ долларын құраған, оның ішінде экспорт – 8,7%-ға өсіп, 10,0 млн. АҚШ доллары, импорт – 11,7%-ға азайып, 17,3 млн. АҚШ доллары болған.

2022 жылдың қаңтар айында облыстың ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 18,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2021 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 17,3%-ға артқан, оның ішінде экспорт – 4,1 млн. АҚШ доллары (1,5%-ға азайған), импорт – 14,3 млн. АҚШ доллары (24,1%-ға өскен) болған.

Comments (0)
Add Comment