Жамбылда МСАК көшбасшысы конкурсының үздіктері марапатталды

Жамбыл облысында алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары көшбасшысы конкурсының қорытындысы шығарылып, үздіктер анықталды. Жеңімпаздарды Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚЖамбыл облысы бойынша филиал директоры Ғайни Аймағанбетова марапаттады.
1-ші орын – №5 Тараз қалалық емханасы
2-ші орын – Байзақ аудандық орталық ауруханасы
3-ші орын – Шу қалалық емханасы
Төрт ай бойы — ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қарашасы аралығында — алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК ) ұйымдары тұрғындарды МӘМС жүйесіне тарту, азаматтардан түсетін шағымдар санын азайту, диспансерлік есепте тұрған пациенттермен профилактикалық жұмысты күшейту, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру қызметінде креативті тәсілдерді қолдану бағыттары бойынша жоғары нәтижелер көрсетті.
Бұл конкурс медициналық ұйымдарды жаңа жетістіктерге жетелеп, тиімді әрі тың бастамаларды енгізуге серпін берері анық.

Comments (0)
Add Comment