Жамбылда келіні енесін алдап, оның атына несие рәсімдеп алған

Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны банкке 750 мың теңге қарыз екенін кездейсоқ білген, деп хабарлайды Экспресс К.

Полицияға 57 жастағы тұрғын хабарласып, белгісіз біреулер банк қосымшасы арқылы оның атына 750 мың теңге көлемінде несие рәсімдеп алғаны туралы арызданған. Жәбірленушіге банк қызметкері хабарласып, төленбей жатқан несиесі бар екенін ескертіпті.

Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде алаяқтыққа қатысы бар 23 жастағы Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол жәбірленушінің келiнi болып шықты.

Бұл дерекке қатысты ҚК-тың 190-бабы, 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, — деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Comments (0)
Add Comment