Жамбылда көктемгі егінге 10 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы дайындалды

Жамбыл облысының диқандары көктемгі егін егу жұмыстары үшін барлық қажетті тауарлық және материалдық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген. Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Ербол Қарашөкеев баяндады.

Ол қажетті 58 мың тонна тұқым толығымен дайындалғанын атап өтті. Өңірде минералды тыңайтқыштарды енгізуге ерекше көңіл бөлінуде. Биыл 109,7 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізу жоспарлануда. 2026 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін шаруалардың өтінімдеріне сәйкес 25,1 мың тонна дизель отыны дайындалды.

Көктемгі дала жұмыстарына 10,7 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылуға дайын. 2026 жылы «Кең дала-2» бағдарламасы арқылы көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 7,0 млрд. теңге қарастырылды. Бүгінде 101 шаруаға 2,8 млрд теңге 5%-дық несие берілді, — деді Ербол Карашөкеев.

Comments (0)
Add Comment