Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана өңірдің рухани мұрасын сақтау мақсатында маңызды жобаны жүзеге асыруда. Аталған жоба аясында жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларын өз дауыстарымен оқыған бірегей “Алтын қор” аудио мұрасы қалыптастырылуда.
Негізгі мақсаты – өңір әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылық болмысын, табиғи дауысын, рухани үнін түпнұсқа күйінде сақтап, келешек ұрпаққа жеткізу. Сонымен қатар бұл бастама көзі көрмейтін және әлсіз көретін оқырмандар үшін қолжетімді әдеби ортаны қалыптастырып, ұлттық әдеби мұраны кеңінен дәріптеуге бағытталған.
Сондай-ақ жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы «Дәл осылай», «Тектілік» сынды бірқатар шығармасын оқып, аудио қорды толықтырды. Өңір әдебиетінің көрнекті өкілі, сатиралық жинақтардың авторы Бақытжан Советұлы да «Алтын қор» аудио мұрағатына өз үлесін қосып, «Қарға қуу», «Бизнесмен», «Үш тілділік» атты шығармаларын түпнұсқа күйінде ұсынды.
Сонымен қатар Марат Құлибаев пен Қамар Қарасаева да жобаға қатысып, аудио қорды толықтыруға атсалысты.
“Алтын қор” аудио мұрасына қазақ әдебиетінің белгілі өкілдері Шырын Мамасерікова, Пернебай Дүйсенбин, Қайырбек Асанов, Айша Көпжасарова, Баймаханбет Ахмет, Ғайни Әлімбекқызы, Үміт Битенова және басқа да қаламгерлердің аудио жазбаларын енгізілу жоспарлануда.