Жамбыл облысы бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 288 адам қамауға алынған. 13 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 114 тұрғынға қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабының 1-бөлігінің 10-тармағы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот санкциясы бойынша 108 адам әкімшілік қамауға алынды.
Рейд кезінде 34 қару мен 43 патрон тәркіленді. Тәркіленген қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.