Жамбыл төрінде жазғы спартакиада шымылдығын түрді

Ханчжоуда өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарының және 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының қарсаңында ұйымдастырылып отырған VI жазғы спартакиа ойындары бүгін Тараз қаласында басталды.

Қазақстанның жазғы спартакиадасы – еліміздегі ең маңызды бұқаралық спорттық іс-шара. 2003 жылдан бастап әр 4 жыл сайын Жазғы Олимпиада ойындарының қарсаңында өткізіліп келеді. Ойындарға еліміздің барлық өңірінен 27 спорт түрі бойынша 10 мыңнан аса спортшы қатысады. Спартакиада бағдарламасына енетін 27 спорт түрінің 3 спорт түрі шаһар төріндегі Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайы, «Динамо» спорт кешені және «Казфосфат» спорт кешенінде бүгіннен бастап 3-ші маусым күндері аралығында өтеді.
Республикасының барлық өңірлерінен ерлер және әйелдер командалары– су добы, волейбол және дзюдо күресінен бақ сынайтын болады.

Comments (0)
Add Comment