Жамбыл құрамасы қазақ күресінен республикада үздік атанды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерінен “Ұлы дала рухы” республикалық фестивалінің ақтық сынында қазақ күресінен жамбылдық боз кілем шеберлері жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды «Zhambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Сарыарқа төрінде жалауын желбіреткен дүбірлі додада қазақ күресі бәсекесінде аймақтық іріктеуден іркілмей өткен Нұр-Сұлтан қаласы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облысы құрамалары бас жүлдені сарапқа салған болатын.

Comments (0)
Add Comment