Жамбыл полицейлері бiр тәулікте 50-ден астам жол ережесін бұзушыны анықтады

Жол апаттарының алдын алу және жол қозғалысын қадағалау тиімділігін күшейту мақсатында ағымдағы жылдың 11-13 ақпан аралығында Шу ауданының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Iс-шара аясында полицейлер жол қозғалысын қадағалауды күшейттi.

Негізгі міндет – жол қозғалысы ережелерін, әсіресе жылдамдық режимін бұзудың және қарсы қозғалыс жолағына шығудың алдын алу болып табылады. Сондай-ақ, қала сыртындағы трассаларда жүк техникасы мен қалааралық тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлікке ерекше назар аударылады.

Іс-шараның бірінші күні ғана Шу ауданының жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 56 дерегiн анықтады.

Мас күйінде болған 3 жүргізуші ұсталды. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды, баптың санкциясы 15 тәулікке қамауға алуды және көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айыруды көздейді.

Бір тәулік ішінде мамандандырылған автотұрақтарға 6 бірлік көлік қойылып, оларды пайдалануға тыйым салынды.

Comments (0)
Add Comment