Бірінші жартыжылдықта облыстың экономикалық өсімі 104,1 пайызды құрады. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов БАҚ өкілдерімен кездесуінде айтты. Сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үй құрылысы, сауда, байланыс салаларында оң динамика қалыптасты. 155,8 миллард теңге инвестиция тартылып, 255 миллиард теңгеге көлік қызметі көрсетілді. Ал инфляция деңгейі жыл басынан бері 110%-ды құрады. Өзіндік кірістер 60 миллиард теңгеге орындалып, 25,7 пайызға артты. Бюджет қаражаты 99,9 пайызға игерілді.