Жамбыл облысында жалпыоблыстық сейсможаттығу өткізіледі

23 ақпан 11 сағат 00 минутта Жамбыл облысында жалпыоблыстық сейсможаттығу өткізіледі.

Сейсможаттығу басталмастан бұрын дабыл сөмкесін дайындаңыз, қауіпсіз орынға эвакуациялану бағытын анықтаңыз.

Қауіпсіз орын ғимараттан, электр желісі сымдарынан және ірі талдардан алысырақ ашық алаң болып табылады.

Сейсможаттығу кезінде «Баршаның назарына» сигналын естігенде сабыр сақтаңыз.

Төтенше жағдайларға дайын болу адамның өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі.

Барлықтарыңыздан сейсможаттығуға белсенді қатысуды сұраймыз!

 

Comments (0)
Add Comment