Республика бойынша жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларының жайылымдық жерлермен қанағаттандыру мақсатында 2022 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар бірқатар шаралар қабылдады.
Атап айтсақ:
– Іргелес жатқан босалқы жерлерді елді мекендердің жерлеріне қосу жолымен елді мекендердің шекаралары жалпы алаңы 421,2 мың гектарға кеңейтілді;
Анықтама ретінде: Ақмола – 78,6 мың гектар, Ақтөбе – 99,7 мың гектар, Алматы – 7,02 мың гектар, ШҚО – 4,9 мың гектар, Жамбыл – 170 мың гектар, БҚО – 27,4 мың гектар, Қарағанды – 2,3 мың гектар, Қостанай – 2,3 мың гектар, Павлодар – 8 мың гектар, СҚО – 21,0 мың гектар.
– Босалқы жерлерден жергілікті халыққа 2,4 миллион гектар қайта бөлінді;
Анықтама ретінде: Абай – 33 мың гектар, Ақмола – 4,8 мың гектар, Ақтөбе – 99,7 мың гектар, Алматы – 259,9 мың гектар, Атырау – 11,2 мың гектар, ШҚО – 13,6 мың гектар, Жамбыл – 340 мың гектар, Жетісу – 371,0 мың гектар, БҚО – 2,4 мың гектар, Қарағанды – 252,1 мың гектар, Қостанай – 50,5 мың гектар, Маңғыстау – 130,8 мың гектар, Павлодар –325,8 мың гектар, СҚО – 96,0 мың гектар, Түркістан – 412,2 мың гектар.
– 22,7 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптарын жайылымға айналдыру жүзеге асырылды;
Анықтама ретінде: Алматы – 0,023 мың гектар, ШҚО – 0,7 мың гектар, Жамбыл – 22 мың гектар.
– 1,2 миллион гектар резервке қойылды;
Анықтама ретінде: Абай – 25 мың гектар, Алматы – 8,2 мың гектар, Жамбыл – 100 мың гектар, БҚО – 253,1 мың гектар, Қарағанды – 231,9 мың гектар, Қостанай – 527,9 мың гектар, Павлодар-44,6 мың гектар.
Осылайша Республика бойынша 2021 жылмен салыстырғанда жайылым тапшылығы 39 пайызға, 14,8 миллион гектардан 8,9 миллион гектарға дейін төмендеді.Ал Жамбыл облысы бойынша 683.8 мың гектардан 164 мың гектарға кеміді.