Жамбыл облысындағы Жуалы ауданының тұрғындары түгелдей вакцина алды

Жуалы ауданы коронавирусқа қарсы вакцина салдыру бойынша бастапқы 100 пайыз жоспарды орындады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Бүгінгі күні вакциналауға жататын 25 170 мың азаматтың барлығы індетке қарсы екпенің І компонентін салдырған. Ал ІІ компонентін 22 317 адам алған.

Айта кетейік, аудан орталығындағы ауруханада ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстары аптаның дүйсенбі және жұма күндері аралығында сағат 09.00-ден кешкі 17.00-ге дейін, ал сенбі-жексенбі күндері сағат 10.00-ден кешкі 17.00-ге дейін жұмыс істейді.

Comments (0)
Add Comment