Жамбыл облысында шымкенттік жігіт 35 қойды қағып өлтірді

9 қыркүйекте сағат 08:00 шамасында «Батыс-Еуропа-Батыс-Қытай» тас жолының 325 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды. Hyundai Solaris автокөлігінің жүргізушісі Алматыдан Тараз қаласы бағытында келе жатып, жол үстін кесіп өтпек болған отар қойды абайсызда қаққан.

Жүргізуші 25 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Салдарынан 35 қой өліп, 15 бас қой жараланған. Автокөлік жүргізушісі түрлі жарақаттармен Меркі аудандық ауруханаға қаралды. Көлік айыптұраққа қойылды.

Comments (0)
Add Comment