Жамбыл облысында сайлауға келген балалардың қылығы жұртты сүйсінтті (видео)

Бүгін, 5 қарашада Жамбыл облысында алғаш рет Тұрар Рысқұлов пен Жуалы ауданының халқына әкімдерін өздері сайлау мүмкіндігіберілді.

Жуалыда сайлау таңғы сағат 7-де басталды. Ел болашағына бей-жай қарамаған халық таңнан бері дауыс беруге ағылды. Саяси науқанда әр түрлі жастағы азаматтар белсенділік танытты. Әсіресе №473 учаскедегі кішкентай балақайлардың қуана дауыс берген сәті барша жұртты тәнті етті. Тәттібаев Мұсабек есімді азамат немерелері Шерхан мен Елханды сайлауға алып келген. Балақайлар үлкендерден қалмай дауыс беруде атсалысып, баршаның ықыласына бөленді. Олар тіпті бойлары жетпесе де, қағазды қолдарынан тастамай жүгірген. Аудан тұрғыны Мұсабек немерелері жастайынан ел ісіне араласып, патриоттық сезімді бойына сіңіргенін қалайды. Ол өз сөзінде «сайлауды екі немерем ұзақ күтті» деді.

Комиссия мүшелері «бұл күннің маңызын бүлдіршіндер де түсінген секілді» деп қуаныштарын жеткізді.

nur.kz

Comments (0)
Add Comment