Экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі мемлекеттік саясат аясында облыста орман алқаптарын ұлғайтуға ерекше көңіл бөлінуде. 2021–2027 жылдарға арналған кешенді жоспарға сәйкес Жамбыл облысында 140 млн-нан астам ағаш отырғызу жоспарланған. Ал 2025 жылғы жоспар бойынша 8948 гектар аумаққа 16 миллионнан астам орман екпелерін отырғызу көзделген.
Бұл жұмыстардың басым бөлігі сексеуіл мен қарағаш көшеттерін отырғызу арқылы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар тұқым арқылы өсіру, толықтыру және көшет дайындау жұмыстары қатар жүргізілуде.
Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар өңірдің экологиялық тұрақтылығын нығайтып қана қоймай, табиғи ресурстарды сақтауға және болашақ ұрпаққа жасыл қор қалдыруға мүмкіндік береді.
Инспекция табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастырып, орман алқаптарын ұлғайту мен биоалуантүрлілікті сақтау бойынша кешенді жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр.