Жамбыл облысында көне заманға тиесілі қыш құмыра табылды

Көне қыш құмыраны Шу ауданыдағы су қоймасына барған балықшылар тауып алған, деп хабарлайды Экспресс К

Newscorr-ға бейнежазба жолдаған автордың айтуынша, бұл жер көне қаланың орны болуы мүмкін. Жерден мойыны шығып көрініп жатқан құмыраны балықшылар көріп қалып, қазып алған. Негізі, мұны олар археологтарға хабарламақ болған. Бірақ құмыра ішінен бағалы әшекейлер шығады деген үміттері ақталмады.

Оның ішінен ештеңе табылмады. Бұл құмыра қазақ хандығының құрылған уақытттарда жасалған бұйым болуы мүмкін. Әуесқой балықшылар енді көне жәдігерді жергілікті музейге табыстамақ ниетте.

 

Экспресс К бұған дейін Қарағанды облысында ішіне құбыжық мүсіні салынған Сақ дәуірінің қазаны табылғаны туралы жазған болатын.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазба жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

Comments (0)
Add Comment