Жамбыл облысында инвесторлардың кәсіпорындарға еркін кіруіне кедергі келтірілген

Жамбыл облысында аудан әкімдігі инвесторлардың кәсіпорындарына еркін кіруіне кедергі келтірген.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, Жер кодексінің 43-бабы 10-тармағын бұза отырып, эмульсия битумын өндіретін «Jeti bulaq» ЖШС және асфальт-бетон қоспасын өндіретін «Асқар-Тау НС» ЖШС индустриялық аймағының кәсіпорындарына апаратын жолды шлагбаумдарды орнату арқылы жабуға жол берілген.

Прокуратура актісі бойынша жер учаскесіндегі инвесторлардың кәсіпорындарына еркін кіруге кедергі келтірген объектілер алынды. Нәтижесінде аталған инвесторлар өз жүктерін еркін тасымалдау мүмкіндігіне ие болды, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар әкімдіктің Жер кодексінің 37-бабы талаптарын бұза отырып, «Qazaq Soda» ЖШС-ның (Yildirim Holding – сода өндіруші) жер пайдалану құқығын ұзартпағаны анықталды.

Прокуратураның араласуынан кейін жер пайдалану құқығы ұзартылды. Бұл «Ақкөл» көлінен су құбырының кедергісіз құрылысын жалғастыруға (прокуратураның қадағалау актісі бойынша жер пайдалану құқығы 3 жылға берілді) мүмкіндік берді.

Comments (0)
Add Comment