Жамбыл облысында бизнес субъектілеріне арналған «Халық бухгалтері» акциясы басталды

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап Жамбыл облысында жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне тегін кеңес беру арқылы қолдау көрсетуге бағытталған «Халық бухгалтері» акциясы басталғанын хабарлайды.

Бастама бақылау моделінен салық төлеушілерді сервистік сүйемелдеуге көшу шеңберінде іске асырылады. Науқан 2026 жылдың 5 қаңтарынан 30 маусымына дейін жалғасады.

Жоба шеңберінде салық төлеушілер бухгалтерлік есеп, салық есептілігі, сондай-ақ ақпараттық жүйелердегі жұмыс мәселелері бойынша ұғымды және практикалық түсініктемелер ала алады.

Кеңес беруді кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар, бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдарының тәжірибелі қызметкерлері жүргізеді.

Тараз қаласында кеңес беру Қойгелді батыр көшесі, 188 мекен-жайда орналасқан Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында қызмет көрсету орталығында (2 қабат) өткізілетін болады.

Бухгалтерлердің кеңес беру кестесі:

  • 2026 жылғы қаңтар-ақпан айларында – аптасына үш рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін;
  • 2026 жылдың наурызынан бастап-аптасына екі рет.

Аудандарда қабылдау мемлекеттік кірістер басқармаларында, қажет болған жағдайда облыстық департамент мамандарының қатысуымен ұйымдастырылады.

Қосымша Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бейнеконсультация, телефон байланысы, онлайн-консультация форматында өзара іс-қимыл қарастырылған.

«Халық бухгалтері» акциясы кәсіпкерлердің салық сауаттылығын арттыруға, уақтылы профилактикалық және кеңес беру арқылы бұзушылықтар санын азайтуға бағытталған. Алдағы уақытта сервистік шараларды кеңейту және салық төлеушілерге  кеңес беруде сүйемелдеуді күшейту жоспарлануда.

Е. НУРМАХАНБЕТОВ,
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Comments (0)
Add Comment