Жамбыл облысында қазандық аумағындағы өрт неден шықты?

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласында көпфункционалды «Игілік» кәсіпорнының (қазандықтың) аумағында апатты жағдайдағы жұмыс істемей тұрған түбінде мазут қалдықтары бар сыйымды ыдыс өртке оранды . Жамбыл облысы ТЖД кезекшілік  қызметіне хабарлама 15 сағат 58 минутта келіп түсті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

   Өрт оқиғасы орнына Талас ауданы ТЖ бөлімінің жедел тобы, № 12 өрт сөндіру бөлімінен 12 адам жеке құрам және 3 бірлік техника шықты.

Өрт  17 сағат 00 минутта сөндірілді. Жарақаттанғандар мен  мен зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелмеген. Алдын ала болжамы – сыйымдылықты бөлшектеу кезінде дәнекерлеу жұмыстары барысында  қауіпсіздік техникасының сақталмауы салдарынан.

   Жамбыл облысы ТЖ департаменті түрлі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау – қандай да бір төтенше жағдайлардың алдын алатындығын және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндігін еске салады!

Comments (0)
Add Comment