Жамбыл облысында ауыл тұрғыны қару-жарақтарды заңсыз сақтаған (видео)

Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімі мен Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірлесіп жедел іздестіру шараларын жүргізді. Тексеріс барысында жақын маңдағы ауыл тұрғынының заңсыз әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Күдікті өз кінәсін мойындады, деп мәлімдеді Жамбыл облыстық ПД.

Каменка ауылнда тұратын 32 жастағы ер адам оқ-дәрілер мен қару-жарақтарды сақтаған. АКСУ-74 маркалы автомат, тегіс ұңғылы қарулар мен 5,45 калибрлі оқ-дәрілер табылып, тәркіленген.

Аталған дерек бойынша ҚК-тің 287-бабы, 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Алынған қару-жарақтардың бұрын болған қылмыстарға қатысы бар жоғын анықтау үшін сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды,

— — дейді полиция департаментіндегілер.

Comments (0)
Add Comment