Жамбыл облысында 7 ауыл 100% екпе салдырған

  Жамбыл облысы Сарысу ауданының тұрғындары арасында екпе алу қарқынды жүріп жатыр,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Мобильді топтар қазір ауыл аймақтарда егу жұмыстарын белсенді жүргізуде. Қазіргі таңда ауданға қарасты Жайылма, Жаңаарық, Досбол, Тоғызкент, Қамқалы, Игілік жәнеТүркістан ауылдық округтерінің тұрғындары 100 пайыз екпе салдырған.

Ауданда вакцинаның 7 егу пункті жұмыс атқаруда, оның ішінде біреуі көшпелі.

Бүгінде, жалпы вакцина салуға жататын аудан тұрғындарынын 83,2% екпе қабылдады.

Аптаның қорытындысымен ауданда вакцинаның 1-ші компонентін салдырғандардың үлесін 87%-дан асыру көзделіп отыр.

Егуден кейінгі асқынулар тіркелмеген.

 

 

Comments (0)
Add Comment