Жамбыл облысы шаруаларының шығынын өтеуге 3,7 млрд теңге бөлінеді

Ашық НҚА порталында Үкіметтің төтенше резервінен қаражат бөлу туралы қаулы жобасы жарияланды. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың нәтижесінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне келтірілген зиянды өтеуге Жамбыл облысының әкімдігіне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде аудару үшін 3 756 300 171 теңге сомасында қаражат бөлінсін», – делінген құжатта.

Comments (0)
Add Comment