Жамбыл облысы Полици департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин өңір тұрғындарын кезекті рет қабылдады.
– Апта сайынғы азаматтарды қабылдау барысында маған әділетсіздік пен заңсыздыққа тап болған, құқықтық кеңестерге мұқтаж тұрғындар жүгінеді. Менің міндетім – әрқайсысын мұқият тыңдау және тек мәселені шешу бойынша ғана емес, олардың туындау себептерін де анықтауға нақты тапсырмалар беру, – деп атап өтті ПД бастығы.
Осы аптада қабылдауға 15 адам жазылды. Бірнеше сағатқа созылған кездесу барысында бiрқатар мәселенің мән-жайы анықталды. Енді ПД бөліністері қысқа мерзім ішінде олардың шешімін табу бойынша кешенді шаралар қабылдауы қажет.
Өтініштердің көпшілігі қылмыстық істерді тергеу мерзімдерінiң созылуы және әуре-сарсаңға салуға қатысты болды. Сондай-ақ, ішкі істер органдарына жұмысқа орналасқысы келетін азаматтар да келді. Алматыда тұратын өтініш берушілердің бірі өзі келе алмаған соң ПД бастығымен бейнебайланыс режимінде сөйлесті.
Талас ауданының тұрғыны жылқы ұрлау дерегі бойынша арызданды. Олар өз күштерімен 3 бас жылқысын тапқан. Азаматша басқа жоғалған жылқыларды іздеуге көмек сұрап келді. Полиция департаменті үй жануарларын арнайы бөлінген орындарда ұстау және қараусыз қалдырмау қажеттігін тағы да еске салғым келеді. Арнайы шопан жалдап, олармен келісімшартқа қол қою керек. Көп жағдайда мұндай қылмыстар қараусыз жатқан жайылымдарда жасалады. Тиісті бақылаудың болмағаны себепті мал иелері олардың жоғалғаны туралы кеш біледі. Ал полиция қызметкерлеріне мұндай қылмыстардың ізін суытпай ашу маңызды.