Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Бекжан Айдарұлы Кеңесбек тағайындалды.

Бекжан Айдарұлы 1995 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары.

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтын «экономика және бизнес», «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман болып бастады.

Әр жылдары Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының іс-жүргізуші бас маманы, Байзақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы, Әкімшілік басқармасының басшысы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша басқармасының бас сарапшысы лауазымдарында еңбек етті.

2023 жылдың 15 қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Әкімшілік департаментінің Ұйымдастыру жұмысы бойынша басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Comments (0)
Add Comment