Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Ташметов Арман Бақытжанұлы облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Ташметов Арман Бақытжанұлы 1980 жылы туған. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану», А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «экономика», Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы «Ойл групп НС» ЖШС-нің менеджері болып бастаған, 2003-2008 жылдары жеке секторда қызмет еткен.
Әр жылдары Астана қаласының туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының «Ұлттық спорт түрлері және бұқаралық-сауықтыру дене шынықтыру клубы», «Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі», «7-ші қысқы Азия ойындарын және олимпиада алауы эстафетасын өткізу жөніндегі қалалық дирекциясы», «Жігер» спорттық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының директоры қызметтерін атқарған.
Сондай-ақ, «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы» қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің материалдық-техникалық базаларды құру және нығайту қызметінің үйлестірушісі, спорт ұйымдарымен жұмыс жөніндегі қызметтің спорт директоры, «Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті» қоғамдық бірлестігінің спорт ұйымдарымен жұмыс департаментінің директоры, «Астана» Президенттік оқ ату клубы» жеке мекемесінің атқарушы директоры болып жұмыс істеген.
2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары лауазымында және 2022 жылғы шілдеден бастап «Қазақстандық Текбол Федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті болып еңбек етіп келді.