Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Жамбыл ізімен» атты шара өтті.
Алматы облысының әкімдігі биылғы жылы жыр алыбының мерейтойына орай ақынның шығармашылығын кеңінен дәріптеу мақсатында «Жамбыл ізімен» атты экспедициясын жоспар бойынша Тараз қаласында жалғастыруда.
Осыған орай Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында Жамбыл облысынан шыққан ақын-жазушылар және зиялы қауым өкілдері бас қосты.
Жиынды Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы директорының орынбасары Ахметжан Өзбеков ашып, жүргізіп отырса, айтыс- кер ақын Дидар Апбасов жырдан шашу шашты. Ал 10 жасар Дархан Матвай Жамбылдың өлеңдерін жатқа оқыды. Сонымен қатар кездесуде Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы туралы сыр шертіліп, бейнеролигі көрермен назарына ұсынылды.
Құралай Ізетбаева