Жамбыл ауданының әкімі дауыс берді

Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Аса ауылындағы аудандық «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында орналасқан №166 референдум учаскесіне келіп, жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумда дауыс берді. Өңір басшысы өз таңдауын жасағаннан кейін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне референдум туралы пікір білдірді.
– Бүгін – референдум күні. Еліміз үшін тарихи күн. Халқымыз жалпыұлттық референдум арқылы ел тағдырына әсер ететін маңызды әрі бетбұрысты шешім қабылдамақ. Азаматтарымыз өз таңдауын жасап жатыр. Шын мәнінде, бұл – тағдыршешті оқиға. Сондықтан мен референдумды қолдаймын, – деді аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы.
Айта кетейік, референдум учаскелері 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Аудан бойынша 24 референдум учаскесі жұмыс жасап жатыр. Жалпы саны 31217 жамбылдық референдумда дауыс беру құқығына ие.

Comments (0)
Add Comment