Бүгін «Жастар ресурстық орталығында» Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев өңірге қарасты ауылдық округ әкімдерін, ірі сауда орталықтары мен азық-түлік дүкендері иелерінің басын қосып, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу ғана емес, ауданның өнімін жергілікті жұртшылыққа саудалау туралы ұтымды ұсынысын айтты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
– Біз мұнда кәсіпкерлерді күнделікті қолданыстағы тауарлардың бағасын негізсіз қымбаттатпауды айту үшін жинап отырғанымыз жоқ.
Өздеріңізге белгілі, ақылы қызмет көрсететін қай саланы алсаңыз да бағаның өсімі байқалған. Әсіресе, азық-түлік тауарларының бағасы жыл басынан бастап салыстырғанда 15 пайызға өскені зерлелеу кезінде анықталды. Алдыңғы жылдары маусымдық кезеңдерде бағаның өсуі белең алып, қайта тұрақталатын. Ал бүгінде жағдай расымен бөлек. Тұрғындардың шағымданатындайы бар. Бұл тығырықтан біржола шығудың тетіктерін саралап, ортақ байламға келдік деп ойлаймын.
Бұл үшін «Қоймадан – сөреге» жобасын қолға алмақшымыз.
Мысалға, өңірде астық дақылдарды да, егінді де жерге орналастырып, саудаға шығаратын өзіміздің шаруа қожалықтар. Ал аудан көлеміндегі өнімдерді сапалы сақтау үшін Жамбыл ауданында 43,1 мың шаршы метрді құрайтын 112 көкөніс сақтау қоймалары жұмыс жасайды. Әрі сапалы сақталады.
Мұнда 33 789 тонна тауарды сақтауға болады. Аудан шаруаларының басым көпшілігінің өнімі осында.
Қазір сәбіздің, картоптың, пияздың, алманың және басқа да көкөністерді сауда орталығына жеткізу үшін кәсіпкерлер Тараздан әртүрлі бағада сатып алып, жұртшылыққа түрлі бағада ұсынады.
Ашығын айтқанда арзан өнімді делдалдар арқылы қымбат бағада тұтынып жүрміз.
Ал өңірдегі ірі шаруа қожалықтары өзінің еккен өнімін шекара асырып экспорттап жүр.
Базардағы баға егін басынан алған бағадан әжептеуір қымбатқа түсетінін кәсіпкерлер жақсы біледі. Біз араға делдалды араластырмай, өнімді өз бағасына сатып алу үшін жобаның септігі тиеді.
Яғни, аудан шаруаларының алқаптан алған өнімі өңірдегі қоймаларда сақталып, жергілікті сауда орталықтары мен дүкен иелеріне өз бағасымен саудаланады.
Соның нәтижесінде, өңірде баға тұрақтылығы қалыптасады. Дегенмен, бұл жұмыстарды үйлестіру үшін дүкен, сауда орталықтары басшыларының ұйымшылдығы мен ауызбіршілігі керек.
Өйткені, қоймадағы аудан шаруаларының өніміне көптеп жергілікті кәсіпкерлерден сұраныс түсетін болса, ол екі жаққа да тиімді болады.
Бұл үрдіс қалыптасар болса, бағаның қолжетімділігі арта түспек.
Бір сөзбен айтқанда, өз өніміміз өзімізге сатылымға шығарылады.
Осы жағдайды кеңінен түсіндіру үшін алдағы уақытта қойма иелерімен, шаруа қожалық төрағаларымен тағы да басқосып, ұсыныс-пікірлерін саралайтын боламыз.
Биылғы жылдан емес, келер жылы сауда орталық басшылары өнімді өзімізден алуға ниет білдіретін болса, бағаның саясатына түбегейлі нүкте қоя аламыз. Жемісн беретіне сенімдімін.
Әкімдік тарапынан тасымалдау, жеткізу мәселесі ұйымдастырылады.
Бұл бәріміз үшін тиімді болмақ.
Жобаның өміршеңдігі әр кәсіпкердің қолдауында жатыр.
Мұны мәреге жеткізу үшін барынша күш салып байқап көрмекшіміз, – деді өңір басшысы.
Аудан басшысының бұл ұсынысы кәсіпкерлердің кеңінен қолдауына ұласты.
Өзткезегінде сөз алған аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Бауыржан Төлендиев алдағы уақытта жобаны түсіндіру үшін кеңестер өткізілетінін, кәсіпкерлерді барынша ақпарттандыру жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.
Жобаның мақсаты – айқын. Яғни аудан өнімі өз бағасымен өңірге жеткізілсе, бағаның тұрақталатыны айқын.
Аудан басшысы айтқандай, тек бірігіп әрекет ету қажет.
Ақжігіт Жетпісбай,
Жамбыл ауданы