«Рухани жаңғыру» бағдарламасы 2023 жылдың қаңтар айынан бастап «Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасы болып өзгертілді. Бүгінгі таңда Тараз қаласының әкімдігімен «Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша кешенді шаралар қабылданып, жүзеге асырылып отыр. Айталық, 2023 жылға арналған жоспарға 126 іс-шара енгізіліп, 56 шара өткізілсе, жоспардан тыс қоғамдық, мәдени 87 іс-шара жүзеге асырылып, оған 57 825 адам қамтылды.
Атап айтқанда, іс-шаралардың бағыты үшке бөлінген. Айталық, тұлғаны дамыту бағыты бойынша (білімнің салтанат құруы, прагматизм, бәсекеге қабілеттілік, сананың ашықтығы) – 14 іс-шара, ұлттың дамуы, халықаралық позициялау бағыты бойынша (ұлттық бірегейлікті сақтау) – 20 іс-шара, мемлекеттің, азаматтық қоғамның, жергілікті қоғамдастықтардың дамуы бағыты бойынша (мемлекеттік революциялық емес, эволюциялық дамуы) – 22 іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен қалада 4 балалар алаңшасы (Рысбек батыр көшесі, №14, «Бурыл» алқабы, Саудакент көшесі, №64, «Қайнар» алқабы, Абай даңғылы, №123 ) және №5 мектепішілік мұражай (Ақбозов көшесі, №28) қолданысқа берілді. Бұған қоса, «Асарлатып үй салу» жобасы аясында биылғы жылға 10 отбасыға үй беру жоспарлануда. Бүгінде 10 отбасының тізімі айқындалып, оларға үйдің құрылысын жүргізетін мекемелер мен кәсіпкерлердің тізімі анықталуда. Сонымен қатар 30 мамыр күні «Тараз Строй-2004» ЖШС-нің қолдауымен аталған жоба бойынша қала тұрғыны, жалғызбасты анаға 4 бөлмелі үйдің кілті табысталды.
«Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасы қоғамды шоғырландыруға, зиялы қауым мен жастарды, барлық ұлт өкілдерін жарқын идеяның айналасына біріктіруге мүмкіндік береді. Бағдарламаның барлық бағыттарын іске енгізу әлеуметтің, ғылыми-эксперттік қауымдастықтардың, азаматтық қоғам өкілдері мен жастардың белсенді түрде атсалысуымен жүзеге асады.
Гүлназ Сматилдаева,
Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы