Жаңғырған саябақ ел игілігіне берілді

Қордай ауылындағы күрделі жөндеуден өткен орталық саябақ пайдалануға берілді. Жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылып, аз ғана уақыттың ішінде күрделі жөндеуден өткен саябақтың көркі көз тартады. Мұнда кіргеннен бастап қоршауы мен жарықтандыруына аса мән берілгені байқалады.

Сонымен қатар саябақ ішіндегі асфальт, тротуар плиткалары жаңартылып, жаңа орындықтар орнатылып, сыртқы қоршауы да толығымен ауыстырылған. Демалушылардың қауіпсіздігіне де көңіл бөлініп, саябаққа бейнебақылау камерасы мен полиция пункті орнатылған. Сондай-ақ саябақта алдағы уақытта мәдени шаралар өткізуге арналған сахна да қойылған. Заманауи үлгіде жасалған әсем сахнаға LED-экран ерекше көрік беріп тұр.

 

Comments (0)
Add Comment