Жаңғырған үйлер шаһар шырайын ашады

Жаңғырған үйлер  шаһар шырайын ашады

Бүгінде Тараз қаласында тұрғын үйлерді жаңғырту көрсеткіштері жыл санап артып келеді. Шаһардың тұрғын үй қорында 1 438 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның ішіндегі 1 103 үйдің пайдалануға берілген мерзімі 30 жылдан асқан. Қазірге дейін 489 үй күрделі жөндеуден өтсе, қалған 614-і жөндеуді қажет етеді. Осыған орай былтыр 5,1 млрд теңгеге 53 көппәтерлі тұрғын үй жаңғыртылды.

Сондай-ақ қайтарым қаражат есебінен Төле би даңғылы №11, «Қаратау» шағынауданындағы №37 «А», 39 үйлер және «Салтанат» шағынауданындағы №29 «А», 29 «Б» үйлер күрделі жөндеуден өтті. Коммуналдық меншікте тұрған «Бәйтерек» шағынауданындағы үш үйдің қасбеттері боялды. Нәтижесінде, күрделі жөндеуді қажет ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің үлесі 43 пайыздан 39 пайызға төмендеген. Сонымен қатар облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қаланың орталық көшелеріндегі 28 көпқабатты тұрғын үйдің сәулеттік келбетін жаңарту жобасы қарастырылды. Осы мақсатта Төле би даңғылының бойындағы 11 үйдің сырт келбеті мен шатыры жөнделді. Сондай-ақ Желтоқсан көшесіндегі №71 үй де жаңа кейіпке енуде. Ал биыл қалған 16 үйдің сәулеттік келбеті жаңартылып, қала көркін аша түседі. Атап айтқанда, Абай даңғылы, Қазыбек би көшесі, Әйтеке би көшесіндегі үйлерді бірыңғай келбетке келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Аман ЕСЕН

Comments (0)
Add Comment