Қаланың көріктілігі мен сәулеттік үйлесімін сақтау – халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін маңызды бағыттардың бірі. Әсіресе тарихи тамыры терең Тараз секілді шаһар үшін қалалық кеңістікті жаңғырту, көне мен жаңаның жарасымын табу ерекше мәнге ие.
Осы мақсатта соңғы жылдары шаһар аумағында қоғамдық нысандарды абаттандыру, көшелерді көркейту және сәулеттік элементтерді ретке келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соның жарқын көрінісі – қала ішіндегі аркаларды жаңғырту жобасы.
Бұл жобаның аясында 12 арканы жаңартып, жөндеу қолға алынған болатын. Бүгінде 10 аркада жұмыстар толығымен аяқталып, жаңаша кейіпке енсе, 2 нысанды жаңғырту әлі де жалғасып жатыр. Аркалардың сыртқы қасбеті заманауи құрылыс материалдарымен әрленіп, жарықтандыру жүйелерімен толықтырылды.
«JT»-ақпарат