«Жақсы жігіт кездессе…»: Мақпал Жүнісова нені армандайтынын айтты

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында қызы Мерейдің тұрмыс құрғанын көріп, әже болуды армандайтынын айтты.

«Жақсы жігіт кездессе, ертерек тұрмысқа шығып кетсейші деп жиі айтамын. Роза Рымбаева сияқты немере (қыздан туған бала жиен – агенттік ескертпесі) сүйгім келіп жүр. Баланы құшақтап алып, басқаша өмірге енгім келеді. Сол күнді асыға күтіп жүрмін. Соны қызыма айтсам, «мама, мен әлі жаспын ғой, 22-ге енді толдым. Менен құтыла алмай отырсың ба?» деген әңгімелер айтады. Бір жағынан бір түрлі болып қалады екенсің. Сосын, «жоға, жүре бер, бұйырғаны болар» деп басу айтамын», – дейді әнші.

ozgeris.info

Comments (0)
Add Comment