Жаңатаста тағы да спорт алаңшасы ашылды,-деп хабаралайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
«Спорт – бейбітшілік елшісі» дегендей, еліміздің болашағы, ол – денсаулығы мықты, рухы күшті ұрпақ. Спорт саласының дамуына мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалып келеді. Біздің ауданда да бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жыл сайын дене шынықтыру және спорт саласының материалдық-техникалық базасы нығаюда. Биылғы жылдың өзінде қала аумағында дәл осындай 5 бірдей футбол алаңшасы мен 20-дан аса Street-Workout құрылғылары пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда қаладағы 2 балалар жасөспірімдер спорт мектептерінде 1 мыңға тарта жасөспірім спорттың 12 түрімен айналысуда.Бүгінде аудандағы барлық 186 спорт нысандары меншік түріне қарамастан қол жетімді.Бұл бағытта әр ауылдық округ әкімі аппараттарына арнайы спорт нұсқаушылары жұмыс істеуде.Спорт саласына деген мұндай қолдаулар нәтижесі – аудан жастарының спортпен шұғылдануға деген қызығушылығын арттырады.Міне, бүгін де Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай Жаңатас қаласында тағы да бір спорт алаңшасы ашылды. Ашылу салтанатында аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев құттықтау сөз сөйлеп, ақсақалдар ақ батасын беріп, шашу шашылды.