Көпшілікке мәлім, кезінде кеншілер қаласы болып, біразға дейін дүркіреген Жаңатас қаласында бүгінде 23 мыңнан аса тұрғын тұрады,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Кеңестік кезең аяқталғаннан кейін, халық көшіп, көптеген үйлер бос қалған болатын. Ал соңғы (2012-2013) жылдары шаһардың көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, апатты жағдайдағы 112 көпқабатты тұрғын үй бұзылып, орындары тазартылды.
2007-2020 жылдар аралығында Сарысу ауданында 14 көпқабатты тұрғын үй, 1216 пәтер, жалпы ауданы 60 220,2 шаршы метр қайта қалпына келтіріліп, кезектегі 1216 отбасыға берілді.