Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында және жаңа инвесторлардың келуі шағын қалаға ерекше серпін беріп, жаңа жұмыс орындары ашылды. Қайта қоныстану басталып, бүгінгі таңда Жаңатас қаласындағы коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлерден пәтер алу кезегі 1724 азаматқа жетіп отыр,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі .