Жаңадан тағайындалған «Жасыл даму» АҚ басқарма төрайымы өз еркімен қызметінен кетті

Биыл ақпанда тағайындалған «Жасыл даму» АҚ басқарма төрайымы Жанат Саматқызы өз еркімен қызметінен кетті.

Ақпаратты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев растады

 

«Биыл 1 ақпанда «Жасыл даму» АҚ басқарма төрайымы қызметіне тағайындалған Жанат Саматқызы 12 сәуірде өз еркімен жұмыстан кетті. Бұл қызметке алдағы уақытта кім тағайындалатынын қосымша хабарлаймыз» деді Олжас Беркінбаев.

orda.kz

Comments (0)
Add Comment