Жаңа жыл жақсылығымен келсін!

Құрметті тараздықтар!

Жаңа жыл – баршаға жан шуағын сыйлайтын мереке. Бұл – өткеннен сабақ алып, келер күнге кемел жоспар құратын сәт. Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген сөз бар. Біз қашанда өткенге шүкірлік айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз.
Тарихтың қойнауына енгелі тұрған барыс жылында елеулі өзгерістер орын алып, жарқын жетістіктерге бастады. Әлемдік ахуал туындатқан қиындықтарға қарамастан, әлеуметтік-экономикалық салаларда оң динамика сақталды. Қоғамдық маңызы зор шараларды абыроймен өткізіп, бірлігі бекем ел екенімізді тағы бір мәрте таныттық. Көптеген жарқын жобалар жемісін беріп, ілкімді істер жүзеге асты. Көрікті нысандар бой көтеріп, ел игілігіне берілді. Осылайша тарихымыздың темірқазығына баланған шаһарымыз туристік орталыққа айналып келеді. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың арқасында тұрғындарға пәтер кілттері табысталып, қаншама шаңырақта бақыт шамы жанды.
Қоян жылынан да күтеріміз көп. Ол үшін жоспарымыз жүйелі, бағытымыз айқын.
Қадірменді жерлестер!
Сіздерді санаулы күндерден соң төрімізге озатын 2023 жылмен құттықтаймын! Шаңырақтарыңыздан шаттық, босағаларыңыздан бақыт үзілмесін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімі

Comments (0)
Add Comment