Жаңаөзендік мұғалімдер наразылық акциясына шықты

Жаңаөзен қаласындағы №2 және №6 мектептің қызметкерлері ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жариялап, білім ордаларын жеке меншікке өткізуді тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Егер біздің мектеп жекенің қолына өтіп кетсе, онда жалақыға өзгерістер мен жұмысшыларды қысқарту басталады. Ата-аналар үшін де қиындықтар туындайды: барлығы ақылы түрде болады. Біз Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жұмыс жасаймыз, өзіміз сыныптарды жаңарттық, өзіміз жаңа құрал-жабдықтар сатып алдық. Біз мектепті жекенің меншікке өткізуге үзілді-кесілді қарсымыз», – дейді педагогтар.

30 қаңтар күні мұндай мазмұндағы бейнехабарламаны тарихи маңызы бар саналатын №2 мектептің мұғалімдері де түсірген.

Comments (0)
Add Comment