Жаңа спорт залы – балалар игілігіне

Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған Жолдауында айтып өткендей, өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне баса назар аударған дұрыс. Балалардың спортпен етене болып өсуі келешекте дені сау ұлттың қалыптасуына ықпал етеді.

Сондықтан барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Бұл үшін мемлекет спорт инфрақұрылымының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз етуде. Ал оның негізі мектеп қабырғасынан бастау алары сөзсіз.
Жуырда Тараз қаласы білім бөлімі №6 орта мектебінде оқу ордасының ғимаратына жапсарлас салынған спорт залы пайдалануға берілді.
Нысанның ашылу салтанатына Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов, Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Андрей Савченко, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Марат Жұманқұлов, сондай-ақ білім саласының қызметкерлері, оқушылар мен ата-аналар қатысты.
Шара барысында №6 орта мектебінің белсенді ата-анасы Дина Басс салтанатты түрде жаңа ғимараттың лентасын қиды.
Қазіргі таңда №6 орта мектепте 1 мыңнан астам оқушы білім алуда. 2023 жылдың мамыр айында басталған ғимарат құрылысына 358 389,3 мың теңге бөлініп, толықтай заманауи үлгідегі спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Аман ЕСЕН

Comments (0)
Add Comment