Үкімет отырысында Министрлер кабинеті құрамына жаңадан қосылған министрлер ант берді, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров, Әділет министрі Қанат Мусин, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Энергетика министрі Болат Ақшолақов, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ант берді.
«Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаны – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге ант етемін», – деп салтанатты түрде ант берді.