Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Президентке сот жүйесін жаңғырту жұмыстары жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ, Жоғарғы сот төрағасы Мемлекет басшысына әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енгеннен кейінгі 4 ай ішіндегі нәтижелер туралы айтты. Оның айтуынша, жаңа кодекстің енгізілуі шенеуніктердің ойлау жүйесін өзгертуге, тәртібін күшейтуге бағытталған. Жақып Асанов Президентке дау-жанжалдарды шешудің балама тәсілдерін енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа жобаларды ілгерілету, біркелкі сот тәжірибесін және қылмыстық процесте тараптардың шынайы жарысын қамтамасыз ету жөнінде баяндады.