– Біздің басты міндетіміз – тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсету арқылы олардың денсаулығын оңалту. Халқымыздың дені сау, өмір сапасы жақсы болса, мемлекетіміз де қуатты болады. Сл үшін бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз жалғаса береді, – деген Бақытжан Әмірбекұлы денсаулық сақтау мекемесінің техникалық базасымен танысып, жұмысына табыс тіледі.
Жаңадан ашылған орталықта алғашқы медициналық-санитариялық көмек, профи-лактикалық және диагностикалық бөлімдер бар. 17 төсектік күндізгі стационар, процедуралық және егу кабинеттері де қарастырылған. Емхана халық тығыз қоныстанған «Аса», «Жансая» ықшамаудандарының тұрғындарына қызмет көрсететін болады.
Құрбанәлі Аманкелдіұлы